Мамандықты емес, өзіңе сай болашақты таңда
«Кім болам?» — оқушының қызығушылығы, қабілеті, мінезі мен күшті жақтарын талдап, оған сәйкес мамандықтар, ҰБТ пәндері және университеттерді ұсынатын AI-платформа.
Аналитик-көшбасшы
Бір платформа — толық бағдар
Тесттен бастап нақты мамандық пен университетке дейін.
AI кәсіби тест
94 тапсырма, 5 бөлім. Holland, MBTI, күшті жақтар, суретті таңдау және өмірлік жағдайлар.
Жеке профиль есебі
Бағытың, жұмыс стилің және табиғи талантың — түсінікті тілде жинақталады.
Мамандық ұсынысы
Профиліңе сай кәсіби бағыттар мен «неге сай екенінің» түсіндірмесі.
Университет & ҰБТ
Мамандыққа сай ҚР оқу орындары мен қажет ҰБТ пән комбинациялары.
Жасанды интеллект
AI сенің профиліңе қарап нақты ҚР тізімінен таңдап, реттеп ұсынады.
Ғылыми негіз
Әлемде танылған үш психометриялық әдіснаманың қиылысына сүйенеді.
Нәтиже осылай көрінеді

Суретті басып үлкейт.
Толық есеп — нақты нәтиже бойынша.
AIT — Admissions Insight Test
Қазақстанда университетке қабылдаудың жаңа емтиханы дайындалып жатыр. Ол білімді ғана емес, дағдыны да өлшейді.
Кім әзірлеп жатыр
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығы АҚШ-тың ETS ұйымымен бірге. ETS — TOEFL мен GRE тестерінің авторы. Әзірлеу туралы хабарлама 2026 жылдың ақпанында жарияланды.
Неден тұрады
Екі бөліктен: пән модульдері (мектеп бағдарламасы және таңдаған саласы бойынша) және дағды тесттері. Екіншісі — мектепте бөлек баға қойылмайтын, бірақ университетте күн сайын керек болатын нәрсе.
AIT нақты нені өлшейді
Осы тізімді төмендегі «Тұлғалық даму» бөлімімен салыстырып көр: тақырыптардың көбі дәл үстінен түседі. Бұл кездейсоқтық емес — мұндай дағдылар бір емтиханға емес, бүкіл жұмысқа керек.
Шағын көлемдегі алғашқы сынақ.
Қазақстандағы шетел университеттері филиалдарына түсушілер үшін пилот.
Елге түгел енгізу қаралады.
ҰБТ жойылмайды
ҰБТ сақталады, ал AIT — түсуге қосымша мүмкіндік. Емтихан әлі әзірленіп жатыр, сондықтан оның нақты пішіні мен ережелері өзгеруі мүмкін.
Дереккөз: ETS · Educational Testing Service
Дамуыңды жалғастыр
Бұл бөлім мамандық ұсынбайды. Мұнда — қай мамандықты таңдасаң да керек болатын алты дағды.
Неге дәл осы алты тақырып
Жоғарыдағы мамандықтар — бүгінгі суреттің негізінде. Ал сен жұмысқа бірнеше жылдан кейін кірісесің, сол уақытта кейбір жұмыстың ішкі мазмұны өзгеріп үлгереді. Сондықтан бір ғана мамандыққа дайындалу тәуекелді.
Ал мына алты дағды мамандыққа БАЙЛАНБАЙДЫ: дәрігерге де, бағдарламашыға да, кәсіпкерге де бірдей керек. Олар ескірмейді — себебі олар нақты бір құралға емес, ойлау мен өзін-өзі ұйымдастыруға сүйенеді.
Алтауын бірден бастаудың қажеті жоқ. Біреуін таңда, оны бір-екі ай ұста, сосын келесісіне өт. Алтауын қатар бастаған адамда алтауы да қозғалмайды.
Кодты қалай аламын?
Тест кодпен ашылады. Код қайдан алынатыны — қалай тапсыратыныңа байланысты.
Жеке тапсырсаң
Кодты автордан аласың. Хабарлас — саған жеке код беріледі, сол кодпен тестті бастайсың.
Мектеп болып тапсырсаң
Кодты сынып жетекшіңнен аласың: мектебіңе берілген топтама кодтың бірі саған тиесілі.
Мұғалім мен мектеп әкімшілігіне бөлек бет ашылады: сынып тізімі, таратылмаған кодтар және нәтижелер сонда көрінеді.
Өмірде өмірлік жар таңдауды қоспағанда, мамандық таңдаудан маңыздырақ қадам жоқ. Адам өмірін арнайтын ісін — мамандығын, кәсібін, саудасын немесе қызмет түрін — саналы түрде таңдау және сол салада шеберлікке жету бұл жас ұрпақ үшін де, бүкіл қоғам үшін де аса маңызды мәселе.







